Астанадағы колледждің әйелдер әжетханасына камера қойылған

Астанадағы қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету колледжіндегі әйелдер әжетханасында бейнекамералар орнатылған. 

astanovka98 телеграм арнасы

Астана, NEGE. astanovka98 Telegram арнасының хабарлауынша, колледж студенті дәретханаға камера қойылғанын айтып, шағымданған. 

Оқу-ағарту министрлігі мұның заңсыз екенін мәлімдеді. 

Бейнебақылау жүйесін орнату балалардың конституциялық құқықтары мен жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқығын бұзады, – деп хабарлады министрлік.

Ереже бойынша бейнекамералар тек балалар көп жиналатын жерлерде (дəліздерде, спорт залдарында, аудиторияларда, кіреберіс алаңдарында және баспалдақтарда) қойылуы керек. 

Ал колледж басшылығы камералар жасөспірімдердің темекі шегуіне жол бермеу үшін орнатылғанын, сондай-ақ камералар дәретханадағы қолжуғыштар мен айналарды ғана түсіретінін айтқан.

Қазіргі уақытта мекеме дәретханасындағы камералар алынып тасталды. 

Қазір оқып жатыр

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты