Астанадағы көлік жөндеу орталығының бірінде арыстанның күшігі табылды

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады.

Полиция

Алматы, NEGE. 27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды көлік жөндеу орталығының қосалқы бөлмесінде ұстаған.

Қазіргі таңда жануар тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі.

Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бишімбаев пен Мәсімов жаңа рақымшылыққа іліге ме?

Қазақстандағы ең кедей өңір белгілі болды: жағдай нашарлай түскен

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеу жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек