Астанадағы Kazakhstan Open 2025 турниріне 750-ден астам таеквондошы қатысады

14–16 тамыз аралығында Астанада таеквондодан (WT) халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open 2025 турнирі өтеді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Федерация баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта 750-ден астам спортшы жарысқа қатысатынын растаған.

Турнирге Ауғанстан, Армения, Канада, Франция, Үндістан, Иран, Қазақстан, Кувейт, Қырғызстан, Оман, Люксембург, Марокко, Непал, Пәкістан, Палестина, Қытай, Сауд Арабиясы, Түркия, Тунис, Біріккен Араб Әмірліктері, АҚШ және бейтарап мәртебеде өнер көрсететін елдерден келген спортшылар қатысады.

Жүлделер жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында сарапқа салынады.

Турнир жаңартылған халықаралық ережелерге сай KPNP K-2 жүйесі бойынша өтеді. Қазақстанда алғаш рет спортшылардың соққыларын дәл тіркеуге мүмкіндік беретін KPNP компаниясының жаңа электронды қолғаптары қолданылады.

Kazakhstan Open турнирі Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?