Астанадағы Grand Slam турнирі: Екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін бақ сынайды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары Есет Қуанов пен Абылайхан Жұбаназар Астанада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола медалі үшін күреседі.

ҰОК

Алматы, NEGE. Есет Қуанов 73 келіге дейінгі салмақтың жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Батзая Ерденбаярды сенімді түрде жеңді. Енді ол Михеили Бахбахашвилимен өзара мықтыны анықтайды.

Ал 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Чунхванға есе жіберді. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін өтетін белдесуде Италия спортшысы Мануэль Парлатимен кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынында төрт медаль бар.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр