Астанадағы Герцен көшесінің бір бөлігі жартылай жабылады

Р. Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

egemen.kz

Алматы, NEGE. "Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындарын мен қонақтарын Р. Дүйсенбаев көшесінен Д. Карбышев көшесіне дейінгі учаскеде А. Герцен көшесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабардар етеді", — делінген астана әкімдігі хабарламасында.

Осыған байланысты аталған учаске ағымдағы жылғы 23 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ішінара жабылатын болады.

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды

Мектептердегі қорытынды емтихандар қай күндері өтеді?

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді