Астанадағы элиталы мектепте балалар астан уланып қалды

Астанадағы «Мирас» жекеменшік мектебінде оқушылардың жаппай улануына байланысты жоспардан тыс тексеру басталды.

freepik.com

Астана, NEGE. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Астана қаласы cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

Халықаралық мектептегі бұл жағдай 30 қаңтарда тіркелген. Бір сыныпта оқитын он алты баланың сегізі медициналық көмекке жүгінген. Алдын ала болжам бойынша, балалар түскі астан уланған.

«Алты балаға жедел ішек инфекциясы, ал екеуіне асқазан-ішек жолдарының функционалдық бұзылыстары диагнозы қойылды. Зардап шеккендер – негізінен 5–6 жастағы, даярлық сыныбында оқитын балалар. "Мирас" халықаралық мектебінде жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталды», – деді Арыспаев.

Департамент өкілінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта балалар үйден ем қабылдап жатыр, олардың жағдайы бақылауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді