Астанадағы даңғылдың бір бөлігі жабылды

Астанада 3 мамыр мен 9 мамыр аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Абылай хан даңғылының бір бөлігі уақытша жабылды.

«КапиталСтройАспект» ЖШС әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алматы, NEGE. Астана әкімдігінің мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары Манас көшесінен бастап Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі аралықта жүргізіледі.

"Абылай хан даңғылының Манас көшесінен Бауыржан Момышұлы даңғылына дейінгі бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биылғы 3-9 мамыр аралығында бұл учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Көлік қозғалысы бір бағытта бір жақ бетімен кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік қызметі «мұнай магнаты» Фрэнк Монстрейге іздеуге жариялады

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды