Астанадағы басты көпірдің қозғалысы бір аптаға шектеледі

Астанада Арқар (М1) көпіріндегі деформациялық жікті жөндеу жұмыстарына байланысты 11-17 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Астана қаласының әкімдігі

Астана, NEGE. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Арқар (М1) көпірі бойынша деформациялық жікті жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты, 11-17 тамыз аралығында көлік қозғалысы ішінара шектеледі», – делінген әкімдік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Астана қаласының әкімдігі

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұрады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту үшін учаскеде уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.