Астанадағы Алматы көшесінің бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады

Астанада 20 маусымнан бастап осы жылдың соңына дейін Алматы көшесінің Ақмешіт көшесінен Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады.

azh.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде қала әкімдгі хабарлады. Ведомство мәліметінше, осы уақыт аралығында Алматы көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі учаскеде көлік тоннелі салынбақ.

Соған қарамастан Алматы көшесі мен Ақмешіт көшесінің, сондай-ақ Алматы көшесі мен Түркістан көшесінің қиылыстары ашық болады.

Астана әкімдігі

Хабарламада қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылатыны айтылған.

Сондай-ақ қала билігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.