Астанада жедел жәрдем станциясының басшысы ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанада жедел медициналық жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаевты ұстады.

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі елорда департаменті баспасөз қызметі «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» мемлекеттік кәсіпорынның директоры ұсталғанын мәлім етті.

Антикор өкілі Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.