Астанада Ұлттық ұлан сарбазы өзіне оқ атып, қайтыс болды
ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінде сарбаз өзіне оқ атып, қайтыс болды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға бүгін болған.
"2023 жылы 9 қазанда сағат 01.20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде штаттық қарудан өз басына оқ атып, көз жұмды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізілуде. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - делінген ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметінің хабарламасында.