14 октября 2022 г. 13:00

Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтіп жатыр

Фото:

Осыған дейін Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы төрағалығы шеңберінде елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтетіні хабарланған.

Алматы, NEGE. Шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан және Тәжікстан басшылары, сондай-ақ атқару комитетінің төрағасы – ТМД атқарушы хатшысы қатысады деп жазды ҚазАқпарат.

«ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі – достастықтың жоғары органы, онда ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады және шешіледі. ТМД саммиті Қазақстанның осы ұйымға төрағалық етуі аясындағы басты оқиғалардың бірі болмақ. Бұл маңызды шараға пандемиядан кейінгі кезеңде алғаш рет офлайн режимде ТМД құрамындағы бүкіл мемлекеттердің басшылары қатысады», - деген болатын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуына қарағанда, Саммитте 2023 жылы ТМД-ға төрағалық ету Қырғызстан Республикасына тапсырылмақ және Бішкек қаласында мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы шешім қабылдау жоспары бар.

 

Тегтер: