Астанада такси жалдап супермаркеттерден ұрлық жасаған азамат ұсталды

Астанада такси жалдап супермаркеттерден ұрлық жасаған азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Астана қаласы полиция департаментінің полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында супермаркеттерден ұрлық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады. Жас жігіт жеке такси жалдау арқылы қаланың бірнеше супермаркетін аралап, тауарларды жымқырған. Тергеу барысында күдікті Нұра ауданында орналасқан дүкенге келіп, такси жүргізушісінен сыртта күте тұруын өтініп, өзі ішке кіріп кеткені белгілі болды.

Сауда залында өзінің іс-әрекеттерін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген соң ол сөреден 122 мың теңгеден астам сомадағы тауарды жасырын алып шығып, жалдамалы көлікпен кетіп қалған. Ұрланған заттарды бейтаныс адамдарға сатып жіберген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

«Баға өсті, ақша жетпейді» – Базарбек депутаттардың жағдайы туралы

Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы ең жас миллионерлердің қатарына енді

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді