Астанада Шәмші өмірінен сыр шертетін спектакль қойылады

Елордада  2 желтоқсанды «Әлем» концерт-спектаклі өтеді. Музыкалық кеш барысында көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары орындалады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты

.

Алматы, NEGE. Жобаның авторы – Шәмші Қалдаяқовтың ұлы Мұхтар Қалдаяқов. 

Халық композиторы жазған әндерді «Астана Операның» жетекші солистері, халықаралық байқаулардың лауреаттары мен жеңімпаздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыркөзов, Салтанат Ахметова, Бибігүл Жанұзақ, Медет Шотабаев, Абай атындағы ҚазҰТЗУ солистері, сол сияқты халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Балуан Беркенов, Тахауи Рахметов, Фархад Кубиев, Дархан Жолдыбаев, Мадина Ерланова, республикалық және халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаттары Бақтығүл Бисембаева, Сафия Кәрімова және т.б. орындайды.

Композитордың өмірбаянына негізделген концерттің премьерасы эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді. 

Көрермендер Шәмші Қалдаяқовтың өмірінен жұрт біле бермейтін оқиғаларды біліп, «Қазақстан» ТРК» алтын қорынан» әндерінің сирек кездесетін аранжировкаларын тыңдайды. Сондай-ақ, кеш бағдарламасында еліміздің ең үздік ұжымдарының бірі Vivat Балет шоуының орындауындағы би нөмірлері бар.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?