Астанада шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Астанада спортсүйер қауым, әсіресе шахмат жанкүйерлері үшін ауқымды іс-шара өтті, деп хабарлпды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.
Алматы, NEGE. «Астана Балет» театрының ғимаратында шахматтан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Әлем біріншілігіндегі матчтардың тарихы 1886 жылдан бастау алады. Осынау 137 жылдық тарихта шахматтан 16 әлем чемпионы анықталды.
Іс-шараның ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқылды.
Президент турнирге қатысушылар мен қонақтарды әлем чемпионатының басталуымен құттықтап, жарыстың спорт жанкүйерлері үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ, әлем біріншілігін елордада өткізу елімізде шахматтың дамуына үлкен серпін беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сондай-ақ іс-шараға қатысқан Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) Президенті Аркадий Дворковичке алғысын жеткізді.
Іс-шараның өзі жеребе тарту рәсімімен аяқталды. Ұйымдастырушылар оны жаңаша форматта өткізді: шахматшылар бірінші матчта ойнайтын фигуралардың түсін арнайы робот анықтады.
1 мамырға дейін әлемнің ең үздік шахматшылары Ян Непомнящий мен Дин Лижен чемпиондық атаққа таласады. Әлем чемпионаты - елімізде алғаш рет шахматтан өтіп жатқан беделді турнир. Сәуір бойы Астана дүниежүзінің назарында болады, сондықтан біз бұл жарысты ең жоғары деңгейде ұйымдастыруға тырыстық.
Турнир бағдарламасы әлем чемпионы атағы үшін матчтармен шектелмейді, 17-19 сәуірде қазақстандық шахматшылар танымал шетелдік спортшылардан жасақталған «Әлем құрамасына» қарсы рапид пен блицтен матчтар өткізеді.
Бізде шахмат үйірмелеріне жазылған балалар көбейіп келеді. Мәселен, 2022 жылы республика бойынша 7618 секцияда 253 мыңнан астам адам шахматпен жүйелі түрде айналысса, осы оқу жылының басынан бері 28 мыңға жуық оқушы білім алатын 654 мектепте шахмат пәні факультатив ретінде енгізілді.