Астанада полицей атын жамылған алаяқ Өзбекстан азаматынан ақша бопсалаған
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адам шетелдік азаматтан белгісіз әйелді жәбірлегенің үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпаймын деп 200 мың теңге талап еткені анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Астана, NEGE. Полиция атын жамылған алаяқ 200 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды.
ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталған азаматтың елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.