Астанада Pfizer вакцинасын қайда салуға болады?

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, елордада Pfizer вакцинасы мединалық ұйымдар мен Abu Dhabi Plaza сауда және ойын-сауық орталығындағы екпе егу бекетінде қолжетімді.

Астана, NEGE. Сондай-ақ, аталған мекеме вакцинация модуліне Pfizer вакцинасы бойынша тиісті өзгерістер енгізіліп жатқанына назар аударып, пациенттің деректерін сандық базаға, яғни электронды түрде енгізу әлі мүмкін емес екенін хабарлады.

Бұл жұмыс біраз уақыт қағаз жүзінде жүргізіледі.

Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттар ұсынылған кезде КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын қайтадан жүргізуге жол беріледі.

Бұл ретте вакцинаны таңдау сапарға шығу жоспарланған елдің талаптарына байланысты жүргізіледі.

КВИ-ға қарсы соңғы екпе мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның қайталама толық курсы арасындағы аралық кемінде 3 ай деп ұсынылады.