Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді

28-30 сәуір күндері Астанада пара дзюдодан Азия чемпионаты өтеді.

Алматы, NEGE. Құрлықтық біріншілікке Азияның 11 елінен 80-нен астам татами шебері қатысады. Атап айтқанда, Астана татамиінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Моңғолия, Үндістан, Қытайлық Тайпей, Индонезия, Иран, Оңтүстік Корея және Тайланд спортшылары бақ сынайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Қазақстан пара дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жарыста Қазақстан ұлттық құрамасынан J1 және J2 санаты бойынша 22 дзюдошы бақ сынайды.
«Азия чемпионатына дайындық тыңғылықты жүріп жатыр. Қазіргі таңда құрама Алматыда жарыс алдындағы соңғы қорытынды жаттығу жиынында шеберліктерін шыңдауда. Азия чемпионатына қатысатын спортшылар қатарында тәжірибелі балуандар да, жас спортшылар да бар.
Құрлықтық бәсеке өз елімізде өтетін болғандықтан жауапкершілік өте жоғары. Спортшыларымыздың физикалық, психологиялық тұрғыдан жағдайлары жақсы. Елордамызда өтетін жарыста құрамадағы әрбір спортшы нәтижелі күрес көрсетеді, ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», - дейді пара дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Жандос Қиянов.

Айта кетерлігі, Азия чемпионаты Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Пара дзюдодан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының тізімі келесідей:

Әйелдер

J2 -48 кг: Ақмарал Науатбек;
J1 -57 кг: Альфия Тілекқабыл, Дилором Диханова;
J2 -57 кг: Даяна Федосова;
J1 -70 кг: Динара Куджулова;
J2 -70 кг Диана: Бөлекова;
J1 70 кг: Зәуре Айтек.

Ерлер

J1 -60 кг: Мұрат Мадинов, Темірболат Ташекенов; 
J2 -60 кг: Ануар Сариев;
J1 -73 кг: Ерғали Шамей, Асылан Нұрдаулетов;
J2 -73 кг: Олжас Оразалылұлы, Азамат Нокушев;
J1 -90 кг: Абылай Әділбеков, Бауыржан Арыстанбеков;
J2 -90 кг: Жанбота Аманжол, Ғалымжан Смағұлұлы;
J1 90 кг: Ерлан Өтепов, Бағлан Оңалбек;
J2 90 кг: Ерлан Конкиев, Талғат Ажғалиев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр