Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті
Астанадағы мешіттердің бірінде шаруашылық қызметкерін пышақтап кетті. Ауыр жарақат алған мешіт қызметкері дәрігерлердің бақылауында. Жағдайы ауыр, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Алматы, NEGE. Мешіттің шаруашылық жұмыстарын жүргізетін қызметкерді суық қарумен жарақаттаған күдікті ұсталды. Оның бұрын сотталғаны анықталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде. Болған оқиға себептері анықталуда.
Алдын ала жеткен мәліметтер бойынша қылмыстық оқиғаға отбасылық қақтығыстар, дәлірек айтқанда күдікті азамат пен оның әйелі арасындағы дау-жанжалдар себеп болған.
ҚМДБ өкілі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне қосымша ресми мәлімет берілетінін хабарлады.