Астанада медицина қызметкері лифтіде дәрет сындырған

Медицина қызметкері елордалық тұрғын үй кешенінің лифтінде қажетін өтеген.

Алматы, NEGE. "Оқиға 14 шілдеде болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келген медицина қызметкері лифтке кіріп, 8-қабатты басып, дәрет сындырған", - дейді үй тұрғындарының бірі. 

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Лифтіде дәрет сындырған медицина қызметкері қалалық емханадағы жылжымалы бригаданың қызметкері. Алайда емхана басшылығының айтуынша, ол 15 шілдеден бері мекемеде жұмыс істемейді. Сондай-ақ, істеген ісіне өкініп, осы тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұрады. Жанжалдың шешілгенін хабарлаймыз", - деп хабарлады қала әкімдігі.

Қазір оқып жатыр

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Тоқаев Нұрбекке жоғары білім сапасын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді

Ұлытау облысында оңалту орталығы аутизмі бар баланы қабылдаудан бас тартқан