11 ноября 2022 г. 17:18

Астанада құрылыс алаңындағы жұмысшылар 14 қабаттан құлаған

Фото:

11 қараша күні Астана полициясына жұмысшылардың жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады полицияның телеграм каналы. 

Астана, NEGE. Мән-жайларды анықтау барысында тұрғын үй кешенінің 14-ші қабатындағы құрылыс жабдығында тұрған екі жұмысшының жерге құлағаны анықталды. Алған жарақатынан құлағандардың бірі сол жерде қайтыс болды, ал екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Тегтер: