Астанада күрес түрлерінен өтетін Азия чемпионаты бағдарламаларының кестесі жарияланды

Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өтеді.

Алматы, NEGE. Азия чемпионатының бағдарламасы төмендегідей:

9 сәуір – грек-рим күресі – 55, 63, 77, 87 және 130 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

10 сәуір – грек-рим күресі – 60,67,72,82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

11 сәуір – әйелдер күресі – 50,55,59, 68 және 76 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

12 сәуір – әйелдер күресі – 53,57,62,65 және 72 келіге дейінгі салмақ дәрежелері.

13 сәуір – еркін күрес – 57,65,70,79 және 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесі.

14 сәуір – еркін күрес – 61, 74, 86, 92 және 125 келіге дейінгі салмақ дәрежелері. 

Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойналады (барлығы 30 салмақ дәрежесі).