Астанада кран құлап, бір адам ауруханаға жеткізілді

Астанада салынып жатқан «Capital Park«тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде мұнара краны құлады.

Алматы, NEGE. «BI Group» құрылыс компаниясына тиесілі «Capital Park» тұрғын үй кешенінің құрылыс учаскесінде (Есіл ауданы, Керей-Жәнібек хандар, Бұқар Жырау, № 37 және № 38 көшелерінің қиылысы) мұнара кранын монтаждау кезінде ережелер мен талаптар сақталмады. Атап айтқанда, секцияаралық бекіту бұрандалары болмаған. Нәтижесінде мұнара краны жақын тұрған автокранның бағыттау бөлігіне құлады. Онда «Андрюшкин» жеке кәсіпкерлігінің машинисі болған. Ол ауруханаға жатқызылды», – делінген ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды