Астанада көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды

Астана қаласында жылу желісі жарылып, 1 тұрғын үй кешені жылусыз қалды.

Астана, NEGE. «Жөндеу жұмыстарын орындау барысында ұзындығы 133 мм жылу желісі зақымданды», - деп хабарлады «Астана-Теплотранзит». 

Сол себепті Мәңгілік ел даңғылындағы 1 тұрғын үй кешені жылудан ажыратылған.