Астанада Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі басталады

2022 жылғы 18-23 қазан аралығында Астана қаласында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық фестивалі өтеді.

Алматы, NEGE. Фестивальге Сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Фестиваль аясында көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөңгелек үстел, Ш.Жандарбекова шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме, Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Фестивальге сахна саңлағының көзін көрген театр қайраткерлері, төл шәкірттері мен зиялы қауым өкілдері шақырылуда.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады