Астанада ереуілге шыққан жаңаөзендік мұнайшылар «ҚазМұнайГаз» ғимаратының жанында түнеді

Олар жұмысқа орналастыру туралы талаптары орындалмайынша осы жерде қалатындарын жеткізді.

Алматы, NEGE. «БерАли Маңғыстау» компаниясынан («Қазмұнайгаздың» еншілес кәсіпорны) жұмыстан шығарылған 100-ге жуық жұмысшы Энергетика министрлігі мен ҚМГ ғимаратының алдында митингке шыққан болатын.

Кәсіпорын «ӨзенМұнайГаз» АҚ-на мұнай кәсібі бойынша қызмет көрсету тендерін ала алмай, мұнайшыларын жұмыссыз қалдырған.

Жұмысшылар Энергетика министрлігінің ғимаратына 10 сәуір күні сағат 22:00 шамасында келген. Олар түні бойы далада түнеп шықты.

Таңертең олардың алдына ҚМГ өкілі шығып, мұнай компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін топ құруды ұсынды.

Жұмысшылар қатарларына тағы 50 адам қосылатынын мәлімдеді.