Астанада ереуілге шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтады

Мұнайшыларды бастап келген жігіттер видео жариялады.

Алматы, NEGE. Астанада наразылық акциясына шыққан «БерӘлі» мұнайшыларының белсенділері Жолмұрат Ұлықпанов пен Нұрсұлтан Нұрұмұлы бүгін «ҚазМұнайГаз» ғимараты маңында ұсталғандардың барлығы босап, пойызбен, ұшақпен Маңғыстауға қайтатынын жеткізді.

Айтуларынша, жұмыс жағы алдағы уақытта реттеліп, қойылған талаптарының барлығы орындалмақ.