Астанада ер адам Subaru көлігін ұрлап апатқа түсіп, қаза тапты
Астанада 18 сәуір Subaru автомашинасының жүргізушісі Тілендиев даңғылымен жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан Howo жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы, NEGE. ЖКО салдарынан Subaru жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Тексеру барысында Subaru автокөлігін айдап әкеткені анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.