9 июля 2023 г. 11:59
Астанада бірқатар автобус бағыты өзгерді
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір қоғамдық көліктердің бағыты өзгерді.
Алматы, NEGE. «Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, №№12, 17, 21, 26, 36, 46, 50, 53, 54 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.