Астанада бас шыршаның шамы жағылды

Бүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Алматы, NEGE. Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді