Астанада балабақшадан өрт шықты

Астанада балабақшалардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «2 мамыр күні сағат 15:29-да Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшесіне Хлудов көшесі, 1 мекенжайында балабақша өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер балабақша шатырының жанып жатқанын анықтады. Құтқарушылар дереу адамдарды іздеуге кірісті. Балабақша әкімшілігінің айтуынша, барлық баланы өрт сөндіру қызметі келгенге дейін эвакуациялаған», - делінген хабарламада.

Өрт 16:15-те сөндірілген. Қазір өрт сөндіру қызметі оқиға орнында жұмысын жалғастырып жатыр.