Астанада балабақша тәрбиешілері ерекше күтімді қажет ететін балаларды қорлаған

17 қаңтарда полицияға елорда тұрғыны 'Балам-Ай' баланы дамыту орталығында оның кәмелетке толмаған ұлына қатыгездікпен қарау фактісі бойынша жүгінді.

Алматы, NEGE. "Алматы" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 140-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша кінәлі адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатын болады.