27 июля 2023 г. 16:38

Астанада автобус жүргізушісінің көлік тізгінінде жүрегі тоқтап қалған (видео)

Фото:

Астанада автобусты тізгіндеген 1961 жылғы азамат жол бойында есін жоғалтып, салдарынан көлік Бөгенбай батыр даңғылындағы қоршау мен бағдаршамға соғылған.

Алматы, NEGE. CTS компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға 27 шілдеде 10:20 шамасында Бөгенбай батыр көшесінде болған.

"Бағыт бойынша келе жатқан 1961 жылы туған жүргізуші есінен танып, салдарынан жол шетіндегі  қоршау мен жарықтандыру бағанасына соғылып, кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолға шығып кеткен. Жүргізуші ауруханаға жеткізілгенімен есін жимастан көз жұмды. 
Өлімнің негізгі себебі - жүректің тоқтап қалуы. Автобус жүргізушісінің 15 жылдық тәжірибесі болған. Жүргізуші демалыстан кейінгі 2-ші күні жұмысқа шықты. Жұмыс алдында сағат 05:54 те медициналық тексеруден өткен", - деді CTS көлік компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Біз отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - деді CTS көлік компаниясы.

Тегтер: