Астанада Арысланбек Айтқұлов әлемнің экс 33-ракеткасын ұтты

Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Президент кубогі ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы, NEGE. Қарағанды теннис мектебінің 19 жасар түлегі, дүниежүзілік рейтингте 1345-орында тұрған А.Айтқұлов бастапқы кездесуін әлемнің бұрынғы 33-інші, қазіргі 740-ракеткасы, өзбекстандық, ATP 250 жарысының екі дүркін чемпионы Денис Истоминмен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Арысланбек ертең іріктеу сайыстарының финалында негізгі додаға өту үшін әлемнің 665-ракеткасы, үндістандық Калианд Пуначпен таласады.

Басқа қазақстандық Виталий Зацепин мен Григорий Ломакин қарсыластарына жол берді. 17 жасар Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылса, Ломакин ресейлік Евгений Филипповтан өте алмады - 1:6, 2:6.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр