Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайы салынады

Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Астана, NEGE. Олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келер жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы қайда орналасады:

– Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);

– Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;

– Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;

– Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;

– Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді