Астанада 1,5 млн айыппұлы бар жүргізуші ұсталды

«Елорда полицейлері

жыл бойы қала көшесінде жүзден аса жол жүру ережесін бұзған Range Rover жүргізушісін ұстады», – деп хабарлады астаналық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Полицейлер сақтандыру полисінсіз көлік басқарған Range Rover жүргізушісін тоқтатқан. Сонымен қатар, "Сергек" камерасына түскен бұл көлікке 1,5 миллион теңгеге жуық сомадағы 100-ден астам ережебұзу фактісінің тіркелгені анықталған. Кейіннен белгілі болғандай, жүргізуші ол соманың 926 675 теңгесін төлеген, яғни, 69 ереже бұзу оқиғасының айыппұлы өтелген. Қазір автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.

5 ақпаннан бастап елордада полиция қызметкерлері борышкерлер мен алимент төлемейтіндерді анықтап, олардың айыппұлы туралы хабарламаларды адресаттарға жіберіп жатыр. Қазірдің өзінде 58 миллион теңгеге 8 785 хабарлама жіберілген.

Қазір елордадағы коммуналдық тұраққа 100-ден аса автокөлік қойылды, оның ішінде 88 жүргізуші тиісті құжатсыз автокөлік жүргізген, 5-еуі жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген, тағы 5 жүргізушінің түрлі сот шектеулері болған.

Қазір оқып жатыр

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 66 адам қаза тапты – БАҚ

Қазақстанда жаңа цифрлық KEDEN жүйесі енгізіліп жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты