Астанада жүк көлігі мектеп оқушысын қағып кетті

Астанада жүк көлігі мектеп оқушысын қағып кетті, деп хабарлады Полиция департаменті. 

Полиция

Алматы, NEGE. «Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанған кезде өтіп бара жатқан. Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады», - делінген Полиция департаменті мәліметінде.

Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Алынған жарақаттар салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды