Астанада жолға таласқан Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері 15 тәулікке қамалды

Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады.

Полиция

Астана, NEGE. Белгілі болғандай, Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолды бөлісе алмаудан кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан.

Жолда төбелескен жүргізушілер дереу ұсталды. Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. 

Қазір оқып жатыр

Енді «автодозвонның» орнына SMS-хабарлама жіберіледі: ережеге өзгеріс енгізілмек

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр