Астанада жолаушылар автобусы жүк тиегіш көлікпен соқтығысты

Астанада №51 бағытындағы жолаушылар автобусы жүк тиегіш техникамен соқтығысып, жарық бағанасына соғылды.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE.  Жол-көлік оқиғасы сағат 20:00 шамасында, әуежайға баратын жолда орын алған. Куәгерлердің айтуынша, автобус қалыпты режимде қозғалып келе жатқанда, кенеттен жүк тиегіш көлікпен соқтығысқан. Салдарынан жолаушылар автобустың ішінде құлап, абыржып қалған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүк таситын көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған.

«Арнайы техниканың (жүк тиегіш көлік) жүргізушісі жолдың қиылысынан тыс жерде бұрылыс жасап, сол бағытта тікелей келе жатқан автобусқа жол бермеген. Нәтижесінде автобус жарық бағанасына соғылды. Жол апаты болған сәтте автобуста шамамен 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды