Астанада жолаушылар автобусы бағанға соғылып, 15 адам ауруханаға жеткізілді

Бараев көшесімен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатқан маршруттық автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай жол жиегінде тұрған бағанаға соғылған. 

@astanovka98

Алматы, NEGE. Оқиға болған кезде автобуста 25 адам болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен бірнеше жолаушы жарақат алды.

Жүргізуші автобуста қысылып қалған және өздігінен шыға алмаған, оны құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен құтқарды. Апат болған жерге жедел жәрдем бригадасы барды. Зардап шеккен 15 адам № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Полицияның мәліметінше, тексеру жүргізіліп жатыр. Апаттың мән-жайы мен себебі анықталады.

Қазір оқып жатыр

Дипфейк: Шындық пен жалғанды қалай ажыратуға болады?

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды