Астанада жол апатынан 2 аяғынан айырылған қыз үйден оқиды

 Елордада жол апаты кезінде 2 аяғынан айырылған қыз үйден оқиды. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты. 

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Қолданыстағы барлық заңға сәйкес, бала үйінен оқуы тиіс. Оңалту процесінен кейін оқуын мектепте жалғастыру мүмкіндігін қарастыруға да болар. Бұл ұзақ процесс. Қалай десек те, қайғылы оқиға таяуда ғана болды. Сондықтан қалай болатындығын айта алмаймын, - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ғани Бейсембаев ең алдымен баланың псхологиялық және физикалық саулығына қамқорлық таныту өте маңызды екенін айтады. Одан кейін академиялық білім алу жайын қозғауға болады.

2 маусымда Астанада автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегіндегі бағанға соқтығысты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады