Астанада жол апаты салдарынан шағын автобус жүргізушісі қаза тапты

Елордалық полицейлердің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні болған.

Астана қаласы полиция департаменті

Астана, NEGE. Алдын ала деректерге сәйкес, шағын автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамада тоқтап тұрған жолаушылар автобусына соғылған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан шағын автобустың жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді, оларға медициналық көмек көрсетілуде», — делінген Астана қаласы полиция департаменті таратқан хабарламада.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты