Астанада жігіт туыстарын пышақтап тастады

Әлеуметтік желіде тараған мәліметті қалалық Полиция департаменті растады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған. Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Астана қаласы Полиция департаменті бұл фактіні растады.

- Күдікті 21 жастағы Астана тұрғыны, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжалға туыстарының жігіттің әрекетіне айтылған сыны себеп болған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр, - деп жазылған полиция мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті