Астанада Жеңіс күніне арналған отшашу болады

Отшашу 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Астанада 9 мамыр – Жеңістің 80 жылдығына орай мерекелік отшашу ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдік.

Фейерверк 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі негізгі локациядан атылып, елордалықтар мен қонақтарға жарқын әсер сыйламақ:

  • Ботаникалық бақ аумағы;
  • «Атырау» көпіріне жақын орналасқан алаң.

Әрбір алаңда шамамен төрт мыңға жуық отшашу атылады. Мерекелік шараны ұйымдастыруға демеушілер қаржы бөлген.

Астаналық әкімдік тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және отшашуды арнайы белгіленген орындардан тамашалауға шақырды. Жарқыраған фейерверк бейбіт өмір мен қаһармандар ерлігінің нышанына айналмақ.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды