29 апреля 2025 г. 12:36

Астанада Жеңіс күніне арналған «Jastar Talks» кездесуі өтті

Фото: Астана

Астанадағы Қызмет көрсету және туризм колледжінде Жеңістің 80 жылдығына арналған «Jastar Talks» форматындағы ерекше кездесу өтті. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.  

Астана, NEGE. Бұл кездесудің басты мақсаты – жастардың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және олардың азаматтық белсенділігін арттыру. 

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Шараның құрметті қонағы ретінде Астана қаласының Қорғаныс істері департаментінің өкілі, отставкадағы полковник Ғани Асылбекұлы Артықов шақырылды. Ол жастармен еркін форматта пікір алмасып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті, соғыстан кейінгі кезеңдегі отансүйгіштік пен борыш сезімі туралы баяндады.

Колледж студенттері кездесуде белсенділік танытып, патриотизм, ел тарихы және қазіргі жастардың рөлі туралы көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Ардагердің шынайы әңгімелері жастарға рух беріп, болашаққа деген көзқарастарын тереңдетті.

Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Jastar Talks» – жастар мен аға буын арасындағы байланысты нығайтатын, ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік пен рухани сабақтастықты қалыптастыратын ашық диалог алаңы ретінде өз маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Аталған іс-шара, әсіресе Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылуы арқылы тарихи жадымызды жаңғыртып, Отан үшін от кешкен ардагерлердің ерлігін жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтау мақсатында ерекше мәнге ие болды.

Іс-шара барысында ардагерлер мен жастар еркін пікір алмасып, соғыс жылдарындағы оқиғалар туралы сыр шертті. Бұл кездесу жас буынның ел тарихына, тәуелсіздік пен бейбітшілік құндылықтарына деген құрметін арттырып, патриоттық сезімдерін нығайтуға ықпал етті.

«Jastar Talks» – бұл тек кездесу емес, бұл – тарих пен болашақты жалғаған алтын көпір.