Астанада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қаза тапты

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

ТЖД

Алматы, NEGE. Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жеттікен.

«Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», – делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды