Астанада жатақхана орналасқан ғимарат өртенді

Астанада Алматы ауданы, Бұқтырма көшесінде орналасқан ғимаратта өрт шықты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Өрт ғимараттың үшінші қабатында басталып, төбе жабындары мен шатырды да шарпыған.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін үшінші қабаттың төбе жабындары құлап кеткен. Ғимараттан өз бетінше 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланған. Оқиға орнында өрт сөндіру жұмыстары бойынша жедел штаб құрылып, эвакуацияланғандар үшін жылыну пункті ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ТЖМ медициналық және апаттан құтқару орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Өрттің алдын ала аумағы 300 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірілді, ал оның себептері анықталуда. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмысын жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылады

ҰҚШҰ Иранды қолдап, «аймақтан тыс күштердің арандатушылық әрекеттерін» айыптады

2029 жылға дейін әбден тозығы жеткен инфрақұрылым толық жаңғыртылады

Kinopark желісі отандық фильмдерден жарнама үшін заңсыз ақша алған