Астанада жасөспірім операция кезінде қаза тапты

 Астана қаласында операция кезінде 13 жастағы жасөспірім қайтыс болды.  Бұл мәліметті Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев растады, – деп хабарлады aikyn.kz.

miloserdie.ru

Алматы, NEGE. Дәрігердің айтуынша, қазір осы оқиғаға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.

– Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен жасөспірімнің ата-анасына көңіл айтқым келеді. Бүгінде қызметтік тергеу, оның ішінде сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның негізінде біз ресми хабарлама береміз.Бұл қатерлі гипертермиялық реакция өте сирек кездеседі. Бірақ, өкінішке қарай, жағдай солай болды, – деді ол.

Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олар медициналық сараптама нәтижелерінен кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді.

 

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты