Астанада жас жігіт драйв жасаймын деген желеумен скутерді ұрлап кеткен

Астанада жас жігіт драйв жасаймын деген желеумен скутерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға скутер дүкенінің өкілі хабарласып, белгісіз біреудің алаяқтық жолмен екі дөңгелекті көлікті иемденіп алғанын айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 18 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жас жігіттің дүкенге тұтынушы атын жамылып келіп, тауарға қызығушылық таныта бастағаны белгілі болған.

Сатушыларды көлікті сатып алатынына сендірген ол сатып алмас бұрын сынақ жүргізуді сұраған. Сенім білдірген сатушылар жас жігітке сатылатын скутерді жүргізіп көруге берген. Күдікті сол сәтті пайдаланып, оған мініп сату алаңынан ізін суытқан. Сөйтіп жәбірленушілерге 400 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан