ҰҚК: Астанада және бірнеше қалада «автоЦОН» басшылары 100 млн теңге пара алған

Астанада және бірқатар өңірде жүргізуші куәлігін ресімдеу кезінде пара алу және өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

«2026 жылдың басынан бері Астана қаласында, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу және өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері анықталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Мұндай фактілердің бірі Астана қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) тіркелген. ХҚКО басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы жүргізушілерге емтихан тапсыруға және куәлік алуға жәрдемдескен деген күдікке ілінді.

«Жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 60-тан астам факті процестік тәртіппен құжатталды», – дейді ҰҚК өкілдері.

Ұқсас жағдайлар Көкшетау және Екібастұз қалаларында да анықталған. Мұнда филиал басшылары ақшаға жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырған.

Бұдан бөлек Астана, Шымкент және Тараз қалаларында лауазымды тұлғалардың заңсыз баю фактілері анықталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трамптан хат алды

Бюджеттен миллиардтар бөлінген «Тұран» клубын бар болғаны 737 мың теңгеге сатпақ

Temu жарнамасы Австрияда жосықсыз деп танылды

Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған